Жел күшейіп, жауын жауады

7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ағындардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертен тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге жетеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қостанай, Ақтөбе облыстарында күндіз бұршақ жауы мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтілуде.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтілуде.

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қыркүйек 2017 г. 460 0