Қазақстан әл-ауқат бойынша ТМД елдері рейтингінде Ресейден озды

Ресей Үкіметі сараптамалық орталығы жасаған зерттеулерінің нәтижелері бойынша, Қазақстан ТМД елдері арасында тұтыну жағынан, Ресейді 16%-дық артық үлеспен көш бастап тұр, деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің сайты.

Зерттеушілердің пайымдауынша, тұтыну деңгейі барлық елдерде жан-жақты қаралған. Біріншіден, ресми валюта бағамы алынған, екіншіден, ұлттық валютаны сатып алу мүмкіндігі де есептелген. Екінші көрсеткіш бойынша Ресей әл-ауқаты жақсы елдер санаты бойынша ұпайын жоғалтып, Қазақстанға орнын беріп отыр.

Былтырғы жылы орта көрсеткіш бойынша Қазақстан азаматы тұтыну тауарларына 13,8 мың доллар жұмсаса, ресейліктер бұл санатта 11,9 мың долларға ғана қол жеткізген. (Бұл жердегі доллар тек шартты түрде алынып отыр. Себебі тұтыну тауарлары әр елдің ұлттық валютасымен есептелген.)

Дегенмен тұтынуға қажет аударымдағы ақша шығыны бойынша ресейліктер көш бастап тұр. Орташа есеппен былтырғы жылы ресейліктер 4,5 мың доллар ақша жұмсаса, қазақстандықтар 4,1 мың доллар шығындаған. Соған қарамастан зерттеушілер, алдағы уақытта Қазақстан тарапы бұл көрсеткіш бойынша да көш бастайтынын алдын ала кесіп айтуда.  

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қыркүйек 2017 г. 449 0