Шиелі. Ауданда ауыл шаруашылығы малдарын компьютерлік дерек қорына енгізу 99,7 пайызға орындалыл, Шиелі ауданы облыс бойынша үшінші орынға тұрақтаған.
Ауданында бірдейлендіру бағдарламасы бойынша өткен жылы 129 294 бас ауыл шаруашылығы жануарларына құлақ сырғалары салынып, 26 922 дана ветеринариялық паспорт берілді"- деп мәлімдеді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Сахов. Сондай-ақ, бөлім басшысының хабарлауынша мал басын бірдейлендіру бағдарламасының нәтижесінде облыстық бюджетке 8 млн. 920 мың теңге қаржы аударылып, жоспар 100,5 пайызға артық орындалған. Одан өзге, ауыл шаруашылығы малдарын компьютерлік дерек қорына енгізу 99,7 пайызға орындалыл, Шиелі ауданы облыс бойынша үшінші орынға тұрақтаған.