55 КӨШЕ ЖӨНДЕЛДІ

 Үстіміздегі жылы аймақта жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердегі көшелерді жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 8,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 165 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлануда. Осылай деген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Әбдіқалықов  өңірлік коммуникациялар қызметінің  алаңында  жыл соңына дейінгі жоспарларымен бөлісті. 

Биыл Қызылорда қаласының 55 көшесіне 2786 млн теңге бөлініп  жолдары жөнделуде. Сонымен бірге, аудандарға 626 млн теңге бағытталып, ұзындығы 28 шақырымды құрайтын елді мекен көшелері күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде.

– Облыста 33,5 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарына 2,6 млрд тенге бөлінсе, 131,4 шақырым жолды  күрделі және орташа жөндеуге  5,2 млрд тенге қаралған. Сонымен қатар, биыл 3 көпірдің құрылысы басталмақ. Одан бөлек 2 көпірге қайта жаңғырту, 1 көпірге күрделі жөндеу және Арал ауданы Қызылжар ауылының тұсынан Сырдария өзеніне қалқымалы көпір салу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ержан Әбдіқалықов.

Жыл басынан бері аймақта 28 шақырым жол  мен елді мекендердің көшелері күрделі және орташа жөндеуден өткізілген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қыркүйек 2017 г. 446 0