Зорлық-зомбылықпен күрес рәсімдерін және құралдарын қолдану

 ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен (Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) істерді қараудың нормативтік жүйесі ҚР Конституциясына, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, ҚР«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңына, әкімшілік құқық бұзушылық құрамынан туындайтын сұрақтарды реттейтін түрлі салалық заңнамалық актілерге, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негізделген. Жіктегіштің мәліметтеріне сай, 2017 жылдың тамыз айына Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен қаралған 41 іс бойынша ескерту, 23іс бойынша қамаққа алу, 60 іс ҚР ӘҚБК-нің 64-бабына сәйкес татуласу, медиация негізінде тоқтатылған. 

ҚР ӘҚБК-нің 73-бабы 3-бөлімнен тұрады.

1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа

алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза

қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасал?ан әрекеттер –он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер-бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.

Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу ҚР ӘҚБК-нің 461-бабына сәйкес ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Жіктегіштің мәліметтеріне сай, 2017 жылдың тамыз айына Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен

қаралған 32 іс бойынша ескерту, 4 іс бойынша қамаққа алу әкімшілік жазалары қолданылған.

ҚР ӘҚБК-нің 684-бабына сай, 73, 461 баптарымен істерді қарау соттардың ведомстволығына жатқызылған.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру құқығына ие ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалары (ҚР ӘҚБК-нің 804-бабы 1-бөлімі 1-тармағы), әскери қызметшілер мен шақыртылған әскери міндеттілер және ҚР Қарулы Күштерінің көлік құралын басқарушыларымен жасалған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әскери Күшінің әскери полиция органдары, басқа да әскери құрылымдар (ӘҚБК-нің 804- бабы 1- б 4-т.).

Негізінен соттар, ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен қаралатын істерді ерлі-зайыптылар және азаматтық некедегі адамдарға қатысты отбасылық жан-жалдың бір жағының арызы бойынша қарайды.

Бұндай жағдайда ескеру кететін жәйт, ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен

жауапкершілікке тартудың міндетті негізі ретінде – бұл әрекет жеке тұрғын үйде, пәтерде, немесе басқа да тұрғын үй-жайда болуы шарт және жанжалдың тараптары ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-

зайыптылар, ортақ балалары, жақын туыс қатынастағы адамдар болуы керек. Әйтпесе, құқық бұзушылық жасаған адамның әрекетінде ӘҚБК-нің 73-бабында көзделген құрам емес, басқа әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болуы мүмкін, мысалы ҚР ӘҚБК-нің 434-бабымен ұсақ бұзақылық.

ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен жауапкершіктің міндетті белгісі «егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса», бұл сұрақ бойынша құқық қорғау органдарының процессуалдық шешімі болмағаны істің сотта қаралуына кедергі болмайды, себебі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауы, олардың адамның әрекетінде қылмыс белгілерін анықтамағандарын көрсетеді.

Сотпен қылмыстық жазаланатын әрекеттердің белгілері анықталған уақытта іс прокурорға немесе сотқа дейінгі тексеру органына ҚР ӘҚБК-нің 742 бабына сай қайтарылуы мүмкін.

ӘҚБК-нің 64-бабына сәйкес, Осы Кодекстiң 73-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады. Татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.

Істерді тараптардың татуласуына байланысты қысқартқан кезде соттарға ӘҚБК-нің 64-бабының нормаларын басшылыққа алу қажет, себебі ҚР ӘҚБК-нің ерекші бөлімінің 741,742- баптарында бұл негіз бойынша қысқарту көзделмеген. Тараптардың татуласу құқығы бірінші сатыда сотпен ғана шектелмеген, сондықтан іс жоғарғы тұрған сотта қаралған уақытта да бұл құқықтарын пайдалана алады.

Сондай-ақ, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының 1-бөлігіне сай, жақын туыстар қатарына ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер жатады.

ӘҚБК-нің 73-бабымен және 461 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде соттар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу мақсатында әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары, яғни іс жүргізудің тараптарының немесе ішкі істер органдарының өтініші негізінде құқық бұзушылық жасаған адамның мінез –құлқына үш айдан бір жылға дейін ерекше талаптар белгілейді. Шектеулер түрлері ҚР ӘҚБК-нің 54-бабында көрініс тапқан.

Бұндайда, ӘҚБК-нің 73 бабымен тараптардың татуласуы бойынша істі қысқартқан уақытта әкімшілік жауапкершіліктен босатылған адамның мінез-құлқына ӘҚБК-нің 54-бабына сай, ерекше талаптар белгіленбейді. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген, оның ішінде жәбірленушіні іздестіруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салынған. Бұл жағдайда, ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың татуласуы жәбірленушінің құқық бұзушыны кешіруін және оған ешқандай талап қоймайтынын көрсетеді.

 

К.Еспенбетова,

Қызылорда қаласының мамандандырылған

әкімшіліксотының судьясы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2017 г. 717 0