« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Биылғы оқу жылында Шиелі ауданындағы 41 мектеп бойынша жалпы 16161 оқушы жаңа оқу жылына қадам басып отыр. Оның ішінде 2045 бала бірінші сыныпқа барды. Аудан орталығында ірі білім ошағы № 46 Пушкин атындағы мектеп. Мұнда да осыған дейін 1300 оқушы білім нәрімен сусындаса, биылғы жылы мектеп табалдырығын 135 бала аттады. Республикада «Үздік педогогикалық ұжым-2017» деген атаққа ие болған білім ордасы жаңа оқу жылында жақсы дайындықпен қарсы алды.
– Білім саласына деген мемлекеттің қамқорлығы да, жалпы замана талабы да жоғары. Әрбір бала мектеп қабырғасынан бойына жақсы білімнің негізін қалап шықса, елге қажетті маман болып ертең шыңдалары анық. Осы тұрғыда жаңа технологияларды игеру, тиімді пайдалану мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. Ұстаздар сапасы да жоғары. Олардың арасында өз білімін жетілдіріп, жан жақты ізденіспен еңбек ететін мұғалімдер қатары баршылық. Сондықтан да оқушыларымыз саналы білім мен сапалы тәрбие алып шығатындығына сенім мол, – дейді № 46 мектеп директоры Мұрат Тұрабаев.
Аудандағы ең ежелгі білім ордасы № 45 Ақ орда мектеп гимназиясы. Мұнда 1 мыңның үстінде оқушы болса, ҰБТ-ға 50 оқушы қатысып, орташа 80,9 балл жинады. Ал 2 мектеп бітіруші – «Алтын белгі» иегері атанған-ды.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ,
Шиелі ауданы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |