ГОЛОВКИН – АЛЬВАРЕС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ PPV КӨРСЕТІЛІМ ҚҰНЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесу Ұлыбритания және Ирландия елдерінде ақылы жүйе бойынша (PPV) көрсетілетін болды.
Бұл кездесуді аталған елдерде бірнеше арна көрсетеді. BoxNation арнасы жекпе-жекті орта сапада 16,95 фунтпен таратса, НD форматында 21,95 фунтпен көрсетеді.
Ал Sky Box Office және Virgin Media көрермендері жекпе-жекті тамашалау үшін 16,95 фунт төлеулері керек.
Айта кетейік, Головкиннің жекпе-жегі бұған дейін де Британия жерінде PPV арқылы көрсетілген. 2016 жылы Лондонда Келл Брукқа қарсы өткізген отандасымыздың кездесуін 500 мың көрермен ақылы жүйе бойынша тамашалаған болатын.
Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.
Vesti.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2017 г. 1 164 0