Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаевтың 2017 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 03-05/133 бұйрығымен Қаракөз Есбосын Қожаққызы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қаракөз Қожаққызы 1980 жылы 4 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2001 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Б.К.Мергенбаев атындағы № 226 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2011-2013 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
2013-2015 жылдары осы бөлімнің басшысы лауазымында еңбек еткен. 
2015-2017 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы болған.
Бүгінге дейін басқарманың азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қыркүйек 2017 г. 1 040 0