«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2014 жылдың 31-қаңтар-2 ақпан күндері Қызылорда облысы бойынша түнгі ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде.
Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, бұрқасын сақталады7 Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.