ҮМІТПЕН КІРІП, СЕНІММЕН ШЫҒАДЫ

Облыстық прокуратура жанынан ешбір баламасы жоқ құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыс прокуроры Халидулла Дауешов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, “Нұр Отан” партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Ибадулла Құттықожаев пен прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Шара барысында аймақ прокуроры кешенді орталықта кез келген құқықтық мәселе бойынша кеңес алуға болатынын, “бір терезе” қағидасы арқылы бір жерде қызмет көрсететілетінін жеткізді. Байқағанымыздай, орталық толықтай заманауи электронды жүйемен жабдықталған. Мұнда қызмет көрсету секторы, күту залы, басқа да қажетті кабинеттер бар. Арыз-шағымдарды уақытылы әрі тиімді шешу үшін бұл жұмысқа өзге заңгерлер тартылмақ. Арызданушы алдымен таңдалып алынған операторлардан ақыл-кеңес алады. Сондай-ақ, прокуратура басшылығына бейнежазба арқылы өтінішін жеткізуге құқылы.

Жоғары қадағалау жасау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы. Елбасы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында прокурорларға осы міндеттерді жүктеген болатын. Сала мамандары халықтың жоғары сеніміне ие болу үшін аталған орталықты ашып отыр. Ендігі кезекте тұрғындардың таңғы сағат 9-дан кешкі 18:30-ға дейін кеңсе қызметіне жүгінуіне болады.


Мөлдір Қалымбет.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қыркүйек 2017 г. 952 0