Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің өкілеттілігін кеңейтуді ұсынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің өкілеттілігін айтарлықтай кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық банктің уақыт өте келе жағдайды алдын алу, ескерпелі режімінде жұмыс істеуі керектігі байқалды. Сәйкесінше, оған заңнамалық түрде банктерді қадағалау үшін ауқымды мүмкіндіктер беру қажет. Естеріңізде болса, мен жыл сайын қаржыгерлер конгресін өткіземін. Ол кезде қарқынды кезең болатын, яғни бізге батыстан қомақты сомада қаржы аударуға дайын еді. Сол кезде барлық банкирлер мінберде тұрып: «Президент мырза, неге рұқсат бермейсіз? Олар бізге осындай пайызбен беруге әзір. Сондықтан бұл қаржыны алу керекпіз ғой», деп айтқан еді. Ал онымен қалай есептесу жайында ешкім де ойламады, яғни сол кезде бізде БТА банк және басқалары қиын жағдайға тап болды. Осы мәселелерге шешім жасап, қомақты қаржыны салдық», - деді Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Осы орайда Н. Назарбаев мұндай жағдайлар Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің әрбір қадамдарын қадағаламау нәтижесінен туындағанын атап өтті.
«Олар ақшаны шығарған кезде Ұлттық банк, қадағалаушы органдар қайда болды? Екінші деңгейлі банктер ақшасын қандай да бір бағыттарға салған уақытта Ұлттық банк не істеді? Бүгінде де Ұлттық банкте осындай құқығы жоқ. Әрбір екінші деңгейлі банкті қатаң қадағалауы үшін ҰБ-ға тиісті құқықты беруіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде, жеке банктердің қызметтерінде тосын проблемалар пайда болмас үшін тиісті құжатты қарастыру керектігін жеткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2017 г. 469 0