«Абайлаңыз, балалар» жедел профилактикалық шарасы басталмақ

ҚР ІІМ нұсқауымен республика көлеміндегі автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында және 2017-2018 жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс көлемінде қыркүйек айының 1-5 күндері аралығында «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қатар, жергілікті атқару органдары, білім, денсаулық сақтау басқармалары және басқа да мүдделі ұйым өкілдері тартылмақ.
Өткізілетін іс-шара барысында «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу», «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» тақырыптық іс-шаралары және «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты профилактикалық акциясы өткізіледі.
Атап өту керек, ағымдағы жылдың 7 ай көлемінде облыс көлемінде жасөспірімдердің қатысуымен 50 жол-көлік оқиғасы орын алып, 44 жасөспірім әр-түрлі дене жарақатын алып, ауруханағаларға  жатқызылған.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қыркүйек 2017 г. 833 0