
Білім күні аясында Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салтанатты шара болып өтті. Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар жиналған шарада мектеп басшысы Бақыт Жұматай құттықтау сөз сөйлеп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, өткен оқу жылында жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар ұстаздарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-ның Құрмет грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ шарада мектептің табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 7-сынып оқушыларын зияткерлік мектеп оқушыларының қатарына қабылдау рәсімі ұйымдастырылып, жаңадан келген қазақстандық және шетелдік ұстаздар таныстырылды. Шара өнерлі жастардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, 2017/2018 оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғылды.