« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Құрбан айт мерекесі жақындағалы бері елімізде мал бағасы бірден шарықтап кеткен. Осыған орай, ел өңірлерінде сатылып жатқан қойлардың ең арзаны мен қымбатын ҚазТАГ басылымының тілшілері анықтады деп хабарлайды NUR.KZ портаның тілшісі.
Қойдың ең арзаны - Өскеменде тіркелсе, ең қымбаты - Астана қаласына тиеселі. Қой етінің бағасы орналасқан облысына байланысты келісі 900 бен 1300 теңгенің арасында сатылып жатыр. Өскеменде тоқтының семізін 18 мың теңгеге, ал саулық қойларды 35 000 теңгеге алуға болады.
Оралда бұл баға сәл өзгешелеу, тоқты - 20 мың, тұсақтар -25 мың. Алматыда тоқтылар - 22 мың теңгеге, ал Қостанайда - 23 мыңнан жоғары бағалануда. Талдықорғанда 18 келілік тоқтылардың бағасы - 30 мыңнан басталады.
Құрбандық қойларының ең қымбаты - Батыс және Оңтүстік Қазақстан мен Астанада тіркелген. Елордада семіз тоқтылардың құны - 40 мың теңгеге жетеді. Тараз қаласында - тоқтылар 20 мың, тұсақ мал - 25 мыңға саудалануда. Атырауда - тоқтылар 20 мыңмен 40 мың теңгенің арасында сатылуда.
Саудагерлердің сөзінше, барлық мал бағасы құрбан айт қарсаңында 10-15 пайызға қымбаттап кетуі заңдылық. Биылғы «Құрбан айт» мерекесі бірінші қыркүйек басталып, құрбандық шалу үшінші қыркүйекке дейін жалғасады.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |