Қанат Ислам мен Брэндон Куктың жекпе - жегіне 8 000-нан аса билет сатылды

9-қыркүйекте  Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетін кәсіпқой бокс кеші билеттерінің басым бөлігі сатылды. Осы күнге дейін ешкімнен жеңілмеген Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жекті көру үшін 11 000 адам келеді, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Біз бәсеке өтетін жерді тыңғылықты іздестірдік. Ақыры «Сарыарқа» республикалық велотрегіне тоқталдық. Бұл – спорттық кешендер арасындағы әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналатын теңдессіз нысан. Астаналық «Сарыарқа» велотрегі 9 195 көрерменді сыйдыра алады. Сондай-ақ, рингтің маңында 1 500 VIP орындар орналастырылады. Қазіргі кезде барлығы 8 000-нан аса билет сатылды», – дейді Qazaq Promotions компаниясының директоры Қайрат Жайлаубаев.

Сондай-ақ, ол ресми түрде шақырылған қонақтар арасында тек көрнекті мемлекет, спорт және қоғам қайраткерлері ғана емес, БЖСМ мен спорт-интернаттың өкілдері де бар.

«Алдағы бокс кеші астанамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке болмақ. Белгілі кәсіпкер және меценат Бауыржан Оспанов жеке өзі жас жеткіншектер осы кештен керемет әсер алып, шаттыққа бөленсін деген ниетпен БЖСМ өкілдерін қажетті билеттермен қамтымасыз ету жөнінде тапсырма берді», – дейді Qazaq Promotions компаниясының директоры.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2017 г. 498 0