Каспий теңізінің Қазақстандағы бөлігі қашан тартылады?

Ғаламдық жылынудың қазіргі қарқынымен Каспий теңізінің Қазақстан жағындағы бөлігі 75 жылдан кейін тартылады. Бұндай шешімге Америка, Ресей және француз ғалымдары келіп отыр. Ғылыми зерттеу Geophysical Research Letters журналына басылды. Қысқаша зерттеуді АҚШ-тың геофизика қоғамы жариялаған екен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуы бойынша, 1996 жылдан 2015 жылға дейін Каспий теңізіндегі судың деңгейі жылына 7 см-ге төмендеп отырған.

Осы уақыт ішінде көрсеткіш шамамен 1,4 метрге төмендеген. Бұл 1970 жылғы тарихи минумуммен салыстырғанда 1 метрге жоғары. (теңіз деңгейінен 29 метр төмен)


Сарапшылар Каспий теңізінің су деңгейі төмендейді деп болжап отыр. Теңіздің Ресей мен Қазақстандағы бөлігі таяз (шамамен 5 метр), яғни жылынудың қазіргі деңгейін ескерсек, 75 жылдан кейін теңіздің бұл бөлігі мүлдем тартылып қалуы мүмкін.

Теңіздің тартылуына атмосфера қабатындағы температураның жоғарылауы (соңғы 30 жылда шамамен 1 градусқа), яғни жаһандық жылыну басты себеп болады.

Мұндай тұжырымға GRACE (Gravity Recovery and Climate Experiment) спутниктерінен және төрт станциядан (картада қызыл нүктелермен белгіленген) келген деректерге талдау жасау арқылы қол жеткізіліп отыр.

Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, 5 ел қоршап жатыр. Каспий теңізінің жалпы ауданы 371 мың км2.

Мұнда мұнай, газ және тұз қорлары бар, су қоймасында әлемдегі бекіре тұқымдастарының шамамен 90 пайызы уылдырық шашады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2017 г. 1 171 0