Астанада зымыран пішіндес ғимарат салғанды армандайды

Астанада зымыран пішіндес ғимарат салғанды армандайды Жаңақорған. Ауданның Қаратөбе ауылындағы №213 мектептің сызу пәнінің мұғалімі Әлқожа Айдаров Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында зымыран пішіндес ғимарат салған дұрыс деп есептейді. Бұл мақсатта өзінің арнайы сызбасы мен макетін де әзірлеп қойды. 
 Жоба бойынша ғимараттың биіктігі 155 метрге жуық. Ол кешен күн мен желден қуат алатын болады. Осының нәтижесінде ұстаз ғимаратқа келетін туристер оны қызыға тамашалайтын болады деп есептейді. Жобада үш жағында тіреп тұрған нәрсе – ол адамдардың лифтімен көтерілетін жолдары болады. Сондай-ақ, онда ортасына дейінгі бөлігінде сауда, бизнес орталықтары, ресторан орналаспақ. Одан жоғары бөлікте қонақ үй орналасып, әртүрлі ойын-сауық орталықтары да болады. Сонымен қатар, әрбір адам зымыранға мінгендей күйді сезінетін орын да болуы тиіс. Жоғары бөлігінде 2-3 қабат аспан әлемін зерттейтін обсерватория болса деген ұсынысы ар.
Оның бұл ұсынысы алдағы уақытта қолдау таба ма? Оны уақыт көрсете жатады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2014 г. 887 0