« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бүгін сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша білім бағытындағы аймақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестациялау мен ҰБТ-ны жаңа форматта өткізудің қорытындылары, сондай-ақ педагогикалық кадрларды қайта даярлау,біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында білім беру жүйсенің рөлі өзгеру тиістігін атап, білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің буынына айналдыру қажеттігін айтқан болатын. «Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтып отырған еліміздің білім жүйесін, еуропалық талаптарға сәйкестендіруге қатысты үлкен міндеттерді көрсетіп, оны жүйелі жүзеге асыруға ерекше мән беріп отыр. Сондықтан біздер Елбасы тапсырған міндеттерді абыроймен атқаруға күш салуға тиіспіз, – деді комиссия төрағасының орынбасары Аманжол Оңғарбаев.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов баяндама жасады.
– Өңірде 2016-2017 оқу жылында 260 жалпы орта білім беру ұйымынан 6196 оқушы бітірді. ҰБТ-ға 4256 бала өтініш беріп, 133-і қатыспады. Шығармашылық мамандықтарға тест тапсырған бала саны – 152. Үш күнде де ҰБТ пунктерінде оқыс оқиға, ереже талаптарының бұзылу деректері орын алған жоқ. Жалпы облыс бойынша орташа балл 82,4 пайызды құрап отыр, – деді ол.
Жиын барысында педагогикалық кадрларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша институтының директоры Бауыржан Елеусінов биылғы курстардың ерекешеліктеріне тоқталды.
Бұған дейін ұстаздар біліктілігін арттыру курстарында 36 сағат қана білімін жетілдіретін. Биылдан бастап 470 және 640 сағаттық курстар енгізіліп отыр. Мәселен, жаратылстану, физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерін ағылшын тілінде дәріс беруге дайындайтын курстар жүзеге асқан.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселер толық қарылып, жұмысты жетілдіру бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |