Қызылордада діни экстремизм мен терроризм бойынша брифинг өтті

Қызылорда облысының Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроизм бойынша қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін заңнама нормалары» тақырыбында брифинг өткізілді.
Іс-шараға Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Балғабай Жаңабаев, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Олжас Абдукаликов және Қызылорда облыстық прокуратурасының бөлім прокурорлары Б.Бұқарбаев, С.Тастанов қатысты.
Жиында сөз алған спикерлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, террористік немесе экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардың қызметіне қатысу әрекеттері үшін, сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау және дайындаылп жатқаны туралы немесе жасалғаны анық белгілі бір аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабараламау әрекеттері үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын атап өтті.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу, сондай-ақ, террористік тұрғыдан осал объектінің терроизмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және тиісінше орындамау үшін әкімшілік жаза көзделетіні туралы баяндалды.
Мысалы, «Қызылорда қаласының №2 сотында 2017 жылдың есептік кезеңінде ҚР ҚК-нің 273-бабымен айыпталған 3 адамға қатысты қылмыстық іс қаралып, сәйкесінше тағайындалған жазалары туралы сот судьясы Б.Жаңабаев баяндаса, ал, ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағына сай, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату әрекеттері үшін қолданылған әкімшілік жаза  берілді», - деді судья О.Абдукаликов.
Шара соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2017 г. 732 0