
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 25 тамыз күні «Бабас» бизнес орталығында жұмыссыз және жастар арасында «Жұмысқа орналасудағы негізгі қағидаттар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Тренинг жүргізушісі Байділдаев Сағындық жастар арасында ең өзекті мәселе жұмысқа орналасу болса, жастардың қазіргі деңгейдегі мемлекеттік бағдарламаларды, жеке кәсіпті, бизнесті ашуға қолдауларды, мүмкіншіліктерді пайдалануды толық қанды айтып, жұмысқа орналауға дейінгі бірнеше бағыттарды мысалға келтірді. Семинар тренинг нәтижесінде жастарға көптеген ақпараттар беріліп, бірнеше мүмкіншіліктерді тиімді пайдалануға кеңестер берілді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Жалпы тренингке 20 дан астам жастар қатысты.