« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өткен жыл еліміз үшін мерейлі болғаны белгілі. Ел болып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. Қазалы ауданы көлемінде де ширек ғасырлық мерейтойымыз кең көлемде аталып өтілді. Қ.Пірімов көшесінен «Тәуелсіздік» аллеясы ашылып, Бегім ана мен «Асандар көтерілісі» құрбандарына арналған ескерткіштер, Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, «Тәуелсіздік» монументі бой көтерді. Ұлы тұлғалар ұлықталып, тарихи таным үшін көптеген жұмыс атқарылды.
Биылғы жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер күтіп тұр. Атап айтқанда, Қазалы қаласының аталуына 150 жыл, би әрі батыр Басықара бабының туғанына 260 жыл, Шығыс жастарының жалынды жетекшсі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының батырлары Шляпин Генадийдің туғанына 105 жыл, Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл, Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл, жазушы-публицист Қалжан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөріқұлақовтың туғанына 70 жыл, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының туғанына 65 жыл толады.
Қазіргі таңда осындай саяси маңызы бар шараларды атап өту үшін тиісті ұйымдастыру шаралары жүргізіліп жатыр.
Қазалы қаласының атауына 150 жыл толу мерейтойын қазан айының бірінші онкүндігінде облыстық дәрежеде өткізу жоспарланып отыр. Мерейтой аясында қаладағы абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 434,3 млн. теңге бөлінді. Бүгінге дейін қала көшелерінің қиылыстарына 5 комплект бағдаршам, 6 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылды. «Жастар алаңының» құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта «Ардагерлер алаңы» абаттандырылып, осы жерге қаланың 150 жылдығына арналған монумент орнатылады. Сонымен қатар, №18 жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мен спорт алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қаланың 4 орталық көшесіне жаяу жүргіншілер жолы мен бордюр салынады. 5 көше орташа жөнделіп, 5 көшеге гравий төселеді. Бұдан бөлек, 150 жылдық мерейтойға орай аймақтық термешілер сайысын, ғылыми-тәжірибелік конференция, «Ретро» фестиваль мен гала концерт өткізілмек. Сонымен қатар, мерейтой аясында республикалық деңгейдегі Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтеді.
Ал Басықара бабаның 260 жылдық мерейтойы қыркүйек айының үшінші онкүндігінде облыстық дәрежеде өткізіледі. Мерейтой аясында баба атындағы ауылды абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 121,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға сәйкес ауылдың Бас қақпасы жаңаланады. Ауылға кіреберістегі 618 метр жерге жарықшамдар қойылады. Ауылдың орталығынан «Басықара баба» атындағы аллея ашылып, бабамыздың бюсті қойылады. Орталық алаң, жастар алаңы, балалардың ойын алаңы жасалады. Екі көше (Қадірбай Есенов, Үрмәш Түктібаев) асфальттанады. Негізгі іс-шара баба атындағы ауылда өткізілетін болады. Мерейтой күні «Тарихқа тағзым» атты шешендік сөздерден облыс көлемінде шежірешілер сайысы өтеді.
Кеңес Одағының батыры Ү.Түктібаевтың 100 жылдығына орай батыр баба атындағы ауылды абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 139 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде ауылды абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 63 млн. теңге, ауылдағы алты көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық, аудандық бюджеттерден 76 млн. теңге. Қазіргі таңда ауыл орталығынан «Тағзым алаңы» мен «Жастар» алаңы жасалуда. Жаңадан салынып жатқан «Тағзым алаңына» батыр бабамыздың бюсті қойылады.Сонымен қатар, ауылдық клубтың айналасы қоршалып, ауыл орталығындағы алты көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мерейтой атап өтілетін қазан айының бірінші онкүндігінде баба атындағы облыстық жас жазба ақындар мүшәйрасы, қылқалам шеберлерінің сайысы, ғылыми-танымдық конференция, гала концерт, ат бәйгесі өткізіледі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |