Ауа райы +41 градусқа барады

Синоптиктер 29 тамыз бен 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Baq.kz.
Республикамызда өткен тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 2,7 градус жоғары болды. Алдағы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, ең жоғары ауа температурасы 28...37 градус болады.
Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында Батыс Азиядан өте ыстық ауа келеді, сондықтан өте ыстық болып, күндізгі ауа температурасы 32...41 градус ыстық болады. Сондықтан Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы нормадан 2-8 градус жоғары болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2017 г. 523 0