Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионы атанды

Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан тұңғыш көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен айқын жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
«Қазанатты» лық толтырған қазақ жанкүйерлері көкпаршыларға бір кісідей қолдау білдірді. Осыдан болар, алаңға рухтанып шыққан қазақ жігіттері алғашқы минуттарда-ақ басымдығын таныта білді. Небәрі 3 минуттың өзінде сытылып алға шыққан Темірхан Айтбаев алғашқы салымды өз құрамасының еншісіне салып, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. Тақымы темірдей Темірханның соңын ала 8-ші минутта Бақтыбай Шырынқұлов есепті еселесе, 10 минутта Абылайхан Нышанбек есепті 3:0-ге жеткізді.      Десе де, қырғыздар бірінші кезеңде бір салым үлгеріп кетті. 19 минуттағы Рустам Тыналиевтың шеңберді еңсесі түсіңкірепотырған айырқалпақты ағайындардың көңілін бір серпілтіп тастады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы алға шықты.   Екінші кезеңді қазақ көкпаршылары Александр Пупенконыңсалымымен бастады. Қазақтың «сары баласының» мығымдығы ешкімнен кем түспейдіекен. Бұдан кейінгі тартыс тең дәрежеде өрбіді.   Айыр қалпақты ағайынның көкпаршылары аз уақыттың ішінде есеп айырмасын қысқарта алмады. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының тұңғыш жеңімпазы атанды.   Еске сала кетсек, көкпар ойынынан халықаралық чемпионат ел тарихында тұңғыш рет болып өтті. Сайысқа түркі тілдес елдермен бірге АҚШ командасы да қатысты. Тартысты чемпионаттың қола жүлдесін Тәжікстан командасы ұтып алды. Жалпы жүлде қорына 18 млн тігілген. Чемпионатқа 11 командадан (Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан) 300-ге тарта көкпаршы қатысты.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 тамыз 2017 г. 611 0