Мэйуезер Макгрегорды техникалық нокаутпен жеңді

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында кәсіпқой боксшы Флойд Мэйуезер мен ММА шебері ирланд Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек аяқталды.
Жекпе-жек көптеген сарапшылар болжағандай, америкалық 40 жастағы Флойд Мэйуезердің айқын жеңісімен аяқталды. Алғашқы төрт раунд ирланд белсенді қимылдады, тіпті басым болды деуге болады. Шетелдік комментаторлардың бірі айтпақшы, Мэйуезер мұншалық көп соққыны бүкіл карьерасында жеген емес.
Алайда бесінші раундта Макгрегордың шаршағаны сезіле бастады. Ол тәртіпті көп бұзды, қарсыласын желкесінен бірнеше рет ұрды. Алайда, төреші ескерту жасамады.
Жетінші раундтан кейін бапкері үлкен Мэйуезер Флойдқа "Қалай ол дайын болады, сол кезде құлат" деді.
Сегізінші раундта ирланд тым көп соққы жіберіп, нокаутқа түсуге шақ қалды.
Ал оныншы раундта америкалықтың соққыларына жауап бере алмағандықтан төреші, жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп, америкалық Флойд Мэйуезер техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл кездесу үшін америкалық 100 миллион, ал Макгрегор 30 миллион доллар алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2017 г. 444 0