
Димаш Құдайбергенов бір күнде «Астана дауысы» және «Asian New music» фестивалдерінің жүлдесін иеленді. Бұл туралы әншінің досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрімов мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Бір күнде кім екі жерден марапат алды?! Бұның өзі бір тариx! Бірінші марапат – «Астана дауысының» жүлдесі, екіншісі – «Asian New music» фестивалінің марапаты! Әрқайсы бір төбе – олжа! Жан досымды, осынау жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбек! Еңбек бәрін де жеңбек! Құтты болсын, жанкүйерлер!», - деп жазды ол instagram-дағы пақшасына.
Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, бүгін Димаштың өзі келе алмағандықтан марапаттың бірін алу бақыты күні-түні еңбек етуге бар, креативті саунд продюсер Ерланға бұйырыпты.
Ал Димаштың өзі желідегі парақшасына: «Баршаңызға рахмет. Бүгін мен «ASIA NEW SONG» халықаралық фестивалінде жеңімпаз атандым. Сіздерді қатты жақсы көремін», - деп жазды.