
Жалағаш аудандық сотында талап қоюшы А. жауапкер С-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Іс құжаттарымен анықталғандай, жауапкер С. талап қоюшы А-дан қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтармаған.
Сот отырысында тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты істі тоқтатуды сұраған.
Сот тараптардың медиациялық келісімге келуіне байланысты істі өндірістен қысқартты.
Сонымен қатар, Жалағаш аудандық сотында бір күнде қарыз ақша өндіру туралы талап арыз бойынша 2 азаматтық іс және тіркелген заңды некені бұзу туралы 1 іс тараптардың медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартылды.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі