Құрылыс саласының мамандары марапатталды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов аймақтағы құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, салаға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады.
«Ең бейбіт және жасампаз кәсіптің өкілдері құрылысшылар – Сіздердің арқаларыңызда өңіріміздің бет-бейнесі жақсарып келеді. Бүгінде қаламызда салынып жатқан тұрғын үйлер, білім беру және медициналық мекемелер, мәдениет және спорт, сондай-ақ инженерлік, көлік инфрақұрылымы нысандарында қолтаңбаларыңыз бар. Биылғы жылдың өзінде өңірімізде жалпы құны 23,1 млрд.теңгені құрайтын 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Қанша азаматты жұмыспен қамтып, облыстың экономикалық қана емес, әлеуметтік жағдайының да жақсаруына ерекше үлес қосудасыздар», - деген Ғалымбек Жақсылықов сала мамандарының еңбегін ескере келе Кәсіпкерлер палатасы атынан марапатқа ұсынғандығын жеткізді. Өз кезегінде құрылысшылар: «Марапаттау барысында басшылық құрамға емес, қарапайым мамандарға басымдық бергендіктеріңізге рахмет», - деп Палата басшысына алғысын білдірді.  

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2017 г. 502 0