Тозығы жеткен көліктерді қабылдау қайта басталды

Қазақстанда ақшалай өтемақыға ескі көліктерді қабылдау қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Энергетика министрлігі 2017 жылдың соңына дейін тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдауға қосымша 12 мың квота бөлді. 26 тамыздан бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС Қазақстан бойынша ескі көлігін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беру бағдарламасы қайта жалғастырады», - деп атап өтілген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 16 тамызда ескі көліктерді сатып алу бойынша бағдарлама уақытша тоқтатылған еді, бұған 2017 жылға бөлінген квотаның мерзімінен бұрын игергерілуі себеп болды.   15 тамыздағы жағдай бойынша құнын өтеу бағдарламасы аясында «ӨКМ Операторы» 27 665 ескі көлік қабылдап, көлік иелеріне 4,1 млн теңге қаражат аударды.   Сонымен қатар ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беретін бағдарлама жүзеге асырылуда. 2017 жылдың 26 маусымында қолға алынған жоба аясында, бүгінгі күнге дейін «ӨКМ Операторы 1 116 жеңілдік сертификатын берді. Табысталған сертификаттың 417-і отандық өндірушіден 245 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2017 г. 531 0