
«Комфорт-1 KZ» ЖШС негізгі қызметі құрылыс материалдарын бөлшек саудалау болып табылады. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын бизнесте жаңа бағытты іске асырмақшы. Кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 15,5% үстемемен несие рәсімдеп, оны тек 5,5% мөлшерлемемен төлеуге мүмкіндік алды.«Даму» Қоры тарапынан кәсіпорынға қажетті 50% көлемдегі кепілдендірумен қамтамасыз етіліп, несиенің 10% үстемесі субсидиялануда.
«Комфорт-1 KZ» ЖШС жобасының негізгі тұжырымдамасы бойынша шыныпакеттер, триплек сөндіру мен шыныны қатайтып өңдеу, шынықтыру болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда шыны қатайтып өңдеумен тек 14 кәсіпорын айналысады. Компания директорыҚайрат Үсеновтің айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы аумағында аталған бизнес бағытында жұмыс жасайтын кәсіпорындар жоқтың қасы.
- Шыныны қатайтып өңдеуге деген жоғары сұранысқа қарамастан, біздің аймақта осы қызметті көрсететін мекемелер болмаған. Құрылыс пен өндіріс саласын қолға алған жергілікті компаниялар осы қызметті пайдалану мақсатында өзге өңірлерге жүгініп, шыныққан әйнекті жеткізу кезінде қосымша шығындарға батады. Міне сондықтанда біз осы бизнесті дамытып, төмен бағадағы қызметімізді ұсынумен қатар, қала бойынша тегін жеткізуді де қарастырып, нарыққа шығуды жоспралап отырмыз, - дейді Қайрат Үсенов.
«Комфорт-1 KZ» ЖШС жобасының табысты жүзеге асуы барысында жаңадан 10 жұмыс орны ашылмақ.