Баян Есентаева Димаштың Қытай ұшағындағы суретіне қатысты пікір білдірді

Продюсер Баян Есентаева Димаштың Қытай елі ұшағының сыртындағы суретіне қатысты пікір білдірді.  Ол көрші елдің толеранттылығы өзін таңғалдыратынын жазды.
"Мені көршілес елдің толеранттығы қатты таңғалдыруда, бұл мені сүйсіндіреді! Көз алдыңызға елестетіңізші, қытайлық жұлдыздың суреті біздің ұшақта болса, мында не болып кетер еді?!", - деп жазған ол.
Айта кету керк, Димаштың суреті бейнеленген ұшақ бүгін алғаш рет әуеге ұшқан. Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жариялаған болатын.
"Алғашқы суретім бейнеленген ұшақ бүгін бірінші рет әуеге ұшты. Барша құттықтауларыңызға рахмет. Алда әлі талай қуантамын Сіздерді, құрметті тыңдарман тілеулес қауым!",- деп жазды ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2017 г. 448 0