
«Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдығы аясында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қорқыт өнер мектебі» ұйымдастыруымен үстіміздегі жылғы 20 тамыз күні «Кездесу Fest» жастар фестивалі шахмат және тоғыз құмалақтан сайыс өткізілді.
Шараға Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары, Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысып, жеңімпаздарға арнайы марапаттарын табыстады.
Негізгі мақсаты жастардың ойлау қабілетін шыңдау, тоғызқұмалақ пен шахматты жастар арасында дәріптеу, насихаттау және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылды. Шахмат сайысының қорытындысы бойынша:
1 – орынды Есеналиев Нұрсұлтан
2 – орын Кошнияз Сұлтан
3-орынды Ерсерік Әділет
Тоғызқұмалақ сайысы бойынша:
1 орын Кошкаров Бектай
2 орын Кошкарова Ақторғын
3 орын Абызбаев Ерасыл иеленді
Жалпы шараға 70-тен астам белсенді жастар қатысып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.