
BoxingHypeStore.com сайтының Твиттердегі микроблогы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалып жатқан мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) жаттығуынан видеоүзінді жариялады.
«25 күн қалды. „Канело" жыртқыш режімінде 16 қыркүйек күні өтетін Головкинмен айқасына дайындалуда», - деп жазылған орналастырылған видео жанында. Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйекте таңертең болады.
inform.kz