Арал. Ауданда вокальды-инструментальдық ансамбль қайта құру жұмыстары қолға алынады. Бұл жайында бізге аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Биылғы жылы жаңа музыкалық құрал жабдықтарға қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына 77,5 штат бірліктері беріліп отыр. Арал ауданында 6 мәдениет үйі мен 23 ауылдық клубтары халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Мәдениет ошақтары жыл басынан бекітілген жоспар бойынша 1191 мәдени іс-шара өткізді.