
Зағип және нашар көретін жандарға электронды кітапхана жасау үшін кітаптарды арнайы форматқа ауыстыру жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуниккациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, архивтер жіне құжаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахманов мәлімдеді.
Сонымен қатар, биыл Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар алу үшін қаржы қаралды. Ал облыстық халық шы,армашылығы жіне мәдени-продусерлік орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппараттары алынды.
«Осы жылы ауылдар мен елді мекендердегі клубтар мен мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш жіне Жаңақорған аудандық мәдениет үйлеріне ЛЭД экрандар сатып алынды»,-деді басқарма басшысы.
Атап айтарлығы, осы жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 3 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өткізілді. Олар Жалағаш ауданындағы мұрағат пен облыстық халық шы,армашылығы және продюсерлік дамыту ортылығы. Сондай-ақ, тамыз айының соңындатолықтай күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілетін облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театры.
Айта кетейік, 27 және 29 қыркүйек аралығында Қызылордада «Қорқыт жіне Ұлы Дала сазы» халықаралық фестивалі өтеді. Фестиваль 3 жылда бір рет Түркісой ұйымымен ұйымдастырылады.
Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы арбат шығармашылық алаңына айналады. Мұнда суретшілер, ақындар мен әншілер жиналып, көпшілікке өнерлерін көрсете алады. Суретшілер өздерінің көрмелерін өткізеді.