GOOGLE ANDROID-ТЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Google Android 8.0 Oreo деп аталатын жаңа бағдарламалық жүйені ресми түрде таныстырды. Компания блогында айтылғандай, «ол бұрынғыдан ақылды, жылдам және қуатты».
Жүйе «картина ішіндегі картина» және автотолтыру сияқты жаңа функциялармен толықтырылған. Сонымен қатар, оның жұмыс жылдамдығын көбейту, қуатты пайдалануды реттеуге арналған қорғау құралдары сенімдірек болады. Google  Android 8.0 бағдарламасын осы жылдың мамыр айында Google I/O конференциясында алдын ала таныстырған болатын. Жүйеде бағдарламаға арналған жаңа шектеулер пайда болды, олар фондық режимде жұмыс жасап, құрылғының жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, жүйенің дизайны да сәл өзгеріске ұшырап, белгішелерге арналған хабарлама көрсететін бейдждер пайда болды. Oreo – печеньенің құрметіне қойылған атау. Әрі қарай дәстүр ретінде Android-тың әр жаңа нұсқасына тәттілердің аты қойылып отырады.

inform.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2017 г. 385 0