
14 шілде күні Байқоңырдан «Союз» зымыранымен ұшырылған 73 ғарыш аппаратының екеуі іске қосылмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Оларды орбитаға шығарған үдеткіш блогына шағымдар жоқ», - деп атап өтті Лавочкин атындағы Ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры Сергей Лемешевский. «Менің білуімше, өндірушісі бір екі аппарат істемей қалған. Бүгінгі күні 71 аппаратта барлығы жақсы, екеуінде ақау бар. «Фрегат» үдеткіш блогынан алынған телеметрия оның толық көлемде штаттық режімде жұмыс істегенін және ешқандай сыртқы әсерлер болмағанын көрсетті», - деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, аталмыш ұшырылым барысында жіберілген «Маяк» спутнигі ашылмай қалды. Оның өндірушілері екі себепті болжаған еді - техникалық есептеулердегі қателік немесе жіберу барысында болған штаттан тыс жағдай. Еске салайық, бортында 73 ғарыш аппараты бар "Союз-2.1а" зырыман-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 14 шілде күні ұшырылды. Бұл Ресей тарихындағы бір мезгілде ұшырылған спутниктердің ең көп саны.