Террористік ұйым жарты жылда 83 баланы тірі бомба ретінде пайдаланған

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Боко харам» тобының содырлары теракті жасау үшін 83 баланы қолданған - бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп, - деп жазады Қазақпарат.
Бұл туралы ЮНИСЕФ хабарлады. БҰҰ балалармен мұндай әрекетті ең қатыгез қылмыс деп атады. «Балаларды террорист ретінде қолданудың басқа да салдары бар. Тұтқыннан босатылғандар немесе «Боко харамнан» өздігінен қашып шыққандар күдік пен қорқыныш ұялатады. Олар өз қауымына оралған кезде бөтенсірейді, ал бұл балалардың азапқа салынуына әкеп соқтырады», - деп мәлімдеді БҰҰ Балалар қорының баспасөз хатшысы Марикси Меркадо. Қордың өкілдері террористердің қолында сәбиі бар қызға мина тағып жіберген оқиғасы туралы баяндады.   


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2017 г. 367 0