Қызылорда облысындағы су айдындарындағы қайғылы жағдайлар

Облысымыздың су айдындарында 25 адам, оның ішінде 7-уі бала (6 жағдай балық аулау кезінде, 19 жағдай суға шомылу кезінде) суға батып кеткен. Бір мезетте екі адам қаза болу фактілері де орын алған.
Ауа-райының күрт ысуына байланысты су айдындарында адамдардың шомылу саны көбейеді. Олардың белгіленбеген жерлерде суға түсу фактілері орын алуда. Яғни, Департамент және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген рейдтерде облыс бойынша суға шомылу маусымы басынан «Ортақ су пайдалану қағидаларын» бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 364 б. 1 т. 1) т. сәйкес 43 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыс көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы, су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қараусыз қалдыруы болып отыр.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі Б.Тұрманов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2017 г. 484 0