12 000 теңге тұратын жарты қарбыз алматылықтарды таңғалдырды

Алматыдағы гастраномдардың бірінде Испаниядан әкелінген қарбызды келісіне 4 800 теңгеден сатып жатыр. Құны 12 355 болатын жарты қарбыздың суреті Facebook желісінде жылдам таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
"12 355 теңгеге жарты қарбызды кім алады? Бізге Испаниядан қарбыз әкелінеді екен. Бұл конкистадорлар негізін қалаған қарбыз алқаптарында пісіп, оларды испаниялық сұлулар Сьерра-де-Гуара оң беткейінен терген, ал Алматыға қарбыз үзілген күні бизнес-класспен жеткізілгеніне сенімдімін!", - деп жазды мысқылмен Андрей Мун Facebook желісінде.  
Қарбыздың бағасы Қазнет қолданушыларын қатты таңдандырды. Өйткені бұл өнімнің базардағы бағасы келісіне 35-40 теңге.  "Мүмкін осы қарбызды сатып алу үшін кредит алармыз? А? Бір жылда екі есе бағасын өтейміз.  "Бұл қарбызды расында бизнес-класспен әкелген сияқты ғой",  Esentai Gourmet интернет-дүкені қарбыз бағасын келісіне 4 800 теңге деп көпрсетіпті.  Сонымен қатар, гастраномда Тайландтан әкелінген қарбыз да сатылып жатыр. Оның келісі 5 200 теңге.  Дүкенде қарбызбен қоса келісі 3 100-ден 7 600 теңгеге дейін жететін қауын сатып алуға болады.  Гастраном әкімшілігі қазір сатылымда 100 грамы 480 теңге болатын испаниялық қарбыз ғана барын айтады.  
"Шілдеде біз Еуропадан қауын-қарбыз әкелдік. Бұл тасымал бағасына байланысты олардың құнын қымбат етеді. Сонымен қатар, біз өзбекстандық және жергілікті өндірушілермен келіссөз жүргіздік", - дейді Esentai Gourmet әкімшілігі. Дүкен әкімшілігі жергілікті қарбыздарды сатуға дайын екенін, алайда, олар сапа бақылауынан өтпей жатқанын айтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2017 г. 659 0