Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етеді

Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етедіМәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжан Дэцзян әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. 
Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатын тарихи құжатқа Пекинде қазақстандық парламент өкілдерінің қытайлық әріптестерімен кездесуі барысында қол қойылды. 
Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэцзян екі елдің заңнамалық органдары арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелерін талқыға салды.  
Тараптар қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Осы жолда мемлекеттер Көшбасшыларының қол жеткізген келісімдері өзара түсіністік пен тату көршілік жағдайында қарқынды және сындарлы даму жолына түскен мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын үлгісіне айналғандығына баса назар аударылды.  
Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэзцян Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұзақ мерзімді құжаттарында көрсетілген мақсаттарды заңнамалық қамтамасыз ету бағытында парламенттер алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті.  
Қазақстандық және қытайлық парламентшілердің алдағы бірлескен әрекетке байланысты жоспарлары зор. 
Ол қол қойылған келісімге сәйкес, ауқымды мәселелер бойынша әріптестік жөніндегі топтар мен парламенттің салалық комитеттері арасында заң шығармашылық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету. 
Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин: - Парламент Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасында қол қойылған Меморандум Қазақстан мен Қытай басшыларының стратегиялық келісімдерін заңдық қолдауды қамтамасыз етеді-,деді.  
Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжан Дэцзян да екі мемлекет басшыларының келісімдерін табысты жүзеге асыру үшін парламентаралық қатынасты нығайтудың маңыздылығы зор екенін атап өтті.  
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық тарап тиімді сұхбат алаңы ретінде әріптестік жөніндегі парламентаралық комиссия құруды ұсынды.  
Бірлескен парламенттік комиссия жиыны келесі жылы Астанада өтеді деп жоспарланған. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2013 г. 1 130 0