« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Алдағы жылы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Оның қарсаңында Қамысқаладан бергі тарихтың тағылымын танудың түрлі шаралары ұйымдастырылмақ.
Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов мәлімдеді.
– Осы жылдың 21 тамыз бен 21 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдық төлтаңбасын (логотип) әзірлеуге арналған ашық байқау өтеді. Бұл қаланың ресми символы болатындықтан, онда өткен мен бүгін, келешек айқын бейнеленуі тиіс. Бас жүлдеге 500 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Ал белсенді қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады, – деді хабарламашы.
Байқауға кез келген азамат өз бастамасымен қатыса алады. Байқау жеңімпаздарын анықтау екі кезеңнен тұрады. Бірінші ұсыныстарды комиссия қарайды, сонан соң жұмыстар әлеуметтік желілердегі конкурсқа қатысады.
Қала әкімінің орынбасары биылғы Қала күнін мерекелеу жоспарымен бөлісті. Жылдағы дәстүр бойынша биылғы қала күні 22-30 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Осыған орай, мерекеде Қызылорда қаласының туын көтеру рәсімі және «Чемпионмен жаттығу» атты спорттық-мәдени шарасы, «Қызылорда қаласы туған күн кубогі» үшін көңілді тапқырлар алаңы, «Шабыт алаңы» атты ақындар фестивалін ұйымдастырып, қорытындысымен елге танылмай және танылып жүрген ақындардың жаңа өлеңдер жинағына шығармалар іріктеліп, кітап шығарылады.
Мереке аясында «Қызылорда – менің жастық шағым» атты ашық аспан астындағы кездесу кеші және «Кітап бульвары» атты кітаптар жәрмеңкесі өткізіледі. Қала тұрғындары Сыр-Ана монументінде «Этноартфест» ұлттық фестивалін, «Аспаздар шайқасы» атты аспазшылар, дәстүрлі ІІІ Қымыз, Шұбат және Қауын-қарбыз фестивальдарын, қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының дәстүрлі «Өнер фестивалі» мәдени шарасын тамашалайды. «Сүйікті қалам – Қызылорда» атты фотосуретшілер байқауы, қала әкімінің «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің концерті және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, отшашу ұйымдастырылады.
М.МЕРЕЙ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |