Премьер-лиганың 24-ші турында «Ертіс» пен «Қайсар» бірде - бір гол салмады
Премьер-лиганың 24-ші турында павлодарлық «Ертіс» қызылордалық «Қайсар» командасымен тең ойнады, деп жазады Sports.kz.
Кездесуде гол салатын мүмкіндіктер өте аз болды. Ал үзілістен соң павлодарлықтардың қатарындағы Милош Стаменкович ойыннан шеттетіліп, алаң иелерінің жеңіске деген мүмкіндіктері азая түсті. Енді «Ертіс» командасы 36 ұпаймен 4-ші орында тұр. Ал «Қайсар» 28 ұпаймен 6-шы орынға тұрақтады. «Ертіс» - «Қайсар» 0:0.