«Даму»Қоры «Мектепке жол» акциясын өткізді

  Іс-шара «Даму-Көмек» жобасы аясында ұйымдастырылып, жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға балаларын мектепке әзірлеуге көмек көрсетілді.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын мектепкеқажеттібарлық құрал-саймандармен қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсету болып табылады. «Даму» Қорының қызметкерлері 20-данаса балаларға оқу құралдарымен жабдықталғансөмкелертабыстады.
Қайырымдылық іс-шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау аса шығынды мәселе болып табылатындықтан, сонымен қатар көп балалы, әрі жалғыз басты аналарға өте ауыр болатындығы ескеріле  отырып, нақты осындай отбасыларға көмек көрсетуді алға мақсат етіп қойған.
Оксана Сүйеубаеваон баланы тәрбиелеп отыр. «Мектепке жол» акциясына қатысушы ретінде  Қордың қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған демеушілік көмекке қол жеткізді.
- Біз отбасымыздың атынан балаларды мектепке дайындауға көмек көрсеткендері үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Бүгінде барлық жабдықтар қымбат және оқу жылы басталғанда жағдайы төмен отбасылар қатты қиналатыны рас. Алайда жағдайымызға бей-жай қарамайтын азаматтардың арқасында біздің мектеп жасындағы бала-шағаларымыз оқу жылына қажетті барлық құрал-саймандармен қамтылды және бұл іс бізді қатты қуантты, - дейді Оксана Сүйеубаева.
Көмек сондай-ақ, мүгедектігі бар аналарға да көрсетілді. Жанат Әшірматова жолдасы екеуі де есту-сөйлеу қабілетінен айрылғанмүмкіндігі шектеулі жандар болып табылады. Олардың үш баласы бірдей мектепке баратындығы ескеріліп,оқу құралдары ретінде көмек көрсетілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2017 г. 601 0