Кәсіпкерлерден заңсыз алынған салық қайтарылды

Жаңақорған аудандық прокуратурасының ықпалымен кәсіпкерлерден заңсыз алынған 2,5 млн. теңге салықтары қайтарылды,-деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Нақтыласақ, аудан бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодекспен белгіленген бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін реттейтін құқықтық акті (Жаңақорған аудандық мәслихатының 24.12.2008 жылғы №101 шешімі) 2010 жылы күшін жойған.
Алайда сол уақыттан бері осы шешімнің негізінде аталған қызмет түрін көрсететін кәсіпкерлерден салықты айына ең төменгі мөлшермен (3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) алудың орнына бір бильярд үстеліне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық алынған.
Күші жойылған құқықтық актіні басшылыққа алу арқылы 5 кәсіпкерден заңсыз алынған салық сомаларын қайтару туралы қадағалау актісінен кейін кәсіпкерлердің банк шоттарына 2 539 816 теңге кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.
Бұған қоса, ағымдағы жылы 1 кәсіпкерге жерге меншік құқығы табысталып, 2 кәсіпкерге 300 000 теңгеден астам арнайы шоттағы қаржылары қайтарылды.
Сейіл Ботакөз.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2017 г. 405 0