
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында бұқаралық ақпарат өкілдерімен өткен брифингте депутат жұмыс сапарының барысымен таныстырды.
Алтыншы шақырылымдағы Мәжіліске партиялық тізім бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы атынан 9 депутат өткен.
Наталья Жұмаділдаеваның мәлімдеуінше, Сенат пен Мәжілістің барлық пленарлық отырысы, бұдан бөлек, заң жобасының таныстырылымдары мен Үкімет сағаты және парламенттік тыңдаулар да онлайн режимде өтуде. Депутат өзінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі екенін атап өтті.
Халық қалаулысы он күннің ішінде қалада және аудан орталықтарында кездесулер, қабылдаулар өткізіп, бірнеше нысанды аралап көреді. Өзекті мәселелер төңірегінде көтерілген ұсыныс-пікірлерді халық қалаулысы Парламент құзыреттілігінде назарға алып, қажетті шаралар қабылдайтынын жеткізді.
Шынар БЕКБАН.