
Кеше Қызылорда облысындағы инвестициялық климатты жақсарту және инвестор тарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтіп, оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық етті.
Жиынға «БРК» АҚ төрағасы Болат Жәмішев, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ төрағасы Ермек Сәкішев, «БРК-Лизинг» АҚ төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров қатысты. Кеңес елімізде инвестициялық саясатты жүзеге асыру, шетелдік және отандық инвестиция тарту, оны ұтымды пайдалануға көмек беру мақсатында құрылған. Кеңестің кезекті отырысында табақша шыны шығару және өңдеу зауыты, шыны зауытына шикізат дайындау бөлімшесі жобаларын іске асыру, үй құрылысы комбинаты жобасына қатысты мәселелер, облыстың инвестициялық стратегиясы қаралды.
Жиын нәтижесінде негізгі мәселелер талқыланып, тиісті мекемелерге тапсырма берілді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.