Сотталғандарды бизнеске баулыды

10-11 тамыз күні аралығында Қызылорда облысының ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы тарапынан ұсынылған «Бизнесті құру және жүргізу» тақырыбында қысқа мерзімді оқу курсы өткізілді.

Палата тарапынан бизнес-тренер Қасымжан Мадина және кеңесші Аяғанов Олжас оқу курсын сотталғандарға кеңінен түсіндіріп, жаңа заман бағытындағы бизнесті жүргізудің, оның бастамасын тиімді игеру тұстарын ашып, тартысты да қызықты шара ұйымдастырды. Сотталғандар оқуға қажетті жабдықтармен (ноутбук, проектор, маркерлік тақта) қамтамасыз етілді.

Шара соңында қысқа мерзімді оқуға қатысқан сотталғандар – Жусипов А.И., Алибеков Т.Р., Жакупов А.А., Шерімбетов А.Ә., Қаубасов З.Ш., Кульбаев Р.С., Аманбалаев Р.М., Қойшығұл Н.С., Залиско А., Яковенко Я.В., Кошмаров К.И., Алиев Т.О., Давыдов Д.В., Муканов К., Б. Ахметовке сертификаттар берілді.

Г.Жылкаманова, 

ЗК-169/5 мекемесінің СЕҰ тобының  инспекторы,

  әділет  капитаны                                                         

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 тамыз 2017 г. 410 0