Суға секіріп кеткен қыздың өмірін сақтап қалды

 

Қызылордалық құтқарушылар өзін-өзі өлтіруге бекінген бойжеткеннің өміріне араша түсті, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нен.

12 тамыз күні сағат 17 шамасында Халыққа қызмет көрсету орталығының жанынан өтетін Сырдария өзенінде орналасқан көпірдің үстінен он екі метр биіктіктен белгісіз бойжеткен суға секіріп кеткен. Ол кезде жасақтың бас құтқарушылары С.Мұханов, Н.Аптықалықов және диспетчер Е.Меделханов Сырдария өзенінің жағасында кезекшілікте тұрған. Жасақ құтқарушылары шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетті. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметкерлеріне және полиция қызметіне хабар берген. Зардап шегушімен оқиға орнында психолог Ж.Бегманова жедел психологиялық көмек көрсетті. 

  Өз-өзіне қол жұмсау сипаттағы жағдай бойынша полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 тамыз 2017 г. 458 0