Мерекелік көңіл-күй

Өткен жұмада Титов қыстағындағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде Сыр өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Шараны Халықаралық жастар күніне орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.
Мерекелік концертте шығармашыл жастардың өнері паш етілді. Концерт барысында тұрғындармен ойын ойнатылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.
Айта кету керек, 12 тамыз – Бүкіл әлем бойынша халықаралық жастар күні. Бұл мерекені 1995 жылы БҰҰ қабылдаған және 2007 жылы кеңейтілген жастар мүддесін қорғауға арналған Дүниежүзілік бағдарламасын жүзеге асыруға және ол туралы жастарды хабардар етуге бағытталған.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 тамыз 2017 г. 428 0