
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай 2017 жылдың 11 тамыз күні аудан орталығындағы жастар саябағында «Қара, оқы, ән сал» караоке думан ән фестивалі өтті.
Шараның мақсат Жастардың уақытын тиімді пайдалануға жол ашу, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды анықтау және тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Шараға 14 пен 29 жас аралығындағы аудан жастары және қызығушылық танытушы өнерпаздардарымыз қатысты. Караоке фестивалінде Есбергенова Әзиза І орын, Алиева Жұлдыз ІІ орын, Ахметов Дәулет пен Көптілеуова Әсел ІІІ орынмен марапатталса, қалған жеңімпаздарға естелік сыйлық таратылды.
Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаты, Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры М.Ибраев, Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Бибітов, Аудандық оқушылар үйінің музыка үйірмесінің жетекшісі Б.Қобланов төрелік етіп, аудан жастарын мерекелерімен құттықтап, өз сөздерінде шараға белсене ат салысқан жастарға алғысын білдірді. Ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдармен қоса естелік сыйлықтарымен марапаттады және алдағы уақытта шаралар әліде жалғасын табатындығына тоқталып өтіп, белсенділікпен қатысуға барлық жастарымызды шақырды.
Шара соңында барлық жастар өз ойларынан шыққанын, әліде жалғасын тапса, белсенділікпен ат салысамыз деп, ұйымдастырушыларға өздерінің жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.